
19 жастағы өскемендік оқушының телефонын тартып алған
Ағымдағы жылдың ақпан айының соңында Өскемен қ. полиция басқармасының Ертіс ПБ «102» жедел арнасына облыс орталығының 41 жастағы тұрғыны хабарласып, оның қамқорлығындағы кәмелетке толмаған жиенінен бейтаныс жігіт мектеп аумағында құны 50 000 теңгені құрайтын смартфонын алыпалғанын айтқан.
Тергеу амалдары барысында күдікті оның телефонын уақытша пайдалану сылтауымен алғаныны анықталды.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Жауап алу барысында 19 жастағы жігіт кінәсін мойындаған.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бұл баптың санциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі