ШҚО полицейі кикбоксингтен Қазақстан чемпионатында қола медаль жеңіп алды

ШҚО полицейі кикбоксингтен Қазақстан чемпионатында қола медаль жеңіп алды

                                                     ШҚО полицейі кикбоксингтен Қазақстан чемпионатында қола медаль жеңіп алды

 

Наурыз айының ортасында Нұр-Сұлтан қаласында кикбоксингтен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті, оған 17 команда, оның ішінде  еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 200 спортшы қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы құрамасының спорттық намысын оқу-жаттығу взводының қызметкері, 3-санатты аға инспекторполиция майоры Аслан Еркінбекұлы Нұрсапанов қорғап, 91 кг салмақ дәрежесінде өзінің кәсіби шеберлігінің арқасында қола медальға ие болды.

- Жарыс жоғары деңгейде өтті, іс-шараның үздік ұйымдастырылғанын атап өткім келеді , - деп бөлісті полиция майоры Нұрсапанов.

Аслан Еркінбекұлы бала кезінен бокс және кикбоксингпен айналысып, спорт саласында еңбек сіңірген жаттықтырушы Ержан Шегеновтің басшылығымен Б.Александров атындағы спорт сарайында жаттыққан. Сонымен қатар, 2007-2011 жылдар аралығында Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ академиясында оқып жүрген кезде қоян-қолтық ұрыс пен кудо спорт түрінен түрлі жарыстарға қатысты. Бүгінгі таңда ол күн сайын шеберлігін шыңдау үшін бірнеше сағат өзіңе көңіл  бөліп жаттығады.

- Жаңа белестерді бағындыруда көрсеткен қолдаулары үшін бөлініс командиріне, сондай-ақ ШҚО Полиция департаментінің басшылығына зор алғысымды білдіргім келеді, - деді полиция майоры Аслан Нұрсапанов.

                                                     

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі