
Мұз үстімен жүруге тыйым салынады!!!
ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысына қатысушыларды ағымдағы жылғы 28 наурыздан бастап жылыну және мұздың белсенді еруі салдарынан ШҚО Күршім және Көкпекті аудандарының жағалауларын қосатын "Қызыл Ту" мұз өткелі арқылы көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыстың жабылғандығы туралы хабардар етеді.
Күршім ауданының облыс орталығымен көлік қатынасы паромдық өткел ашылғанға дейін тек "Күршім -Үлкен Нарын - Алтай - Өскемен" және "Күршім-Зайсан - Өскемен"автомобиль жолдары бойынша жүзеге асырылатын болады.
Жүргізушілер енгізілген шектеулерді ескере отырып, маршруттарды жасауға мұқият болу керек.
ШҚО ПД баспасөз қызметі