«Қару» ЖАІШ: Шығыс Қазақстан облысының полицейлері тіркелмеген 93 бірлік қаруды тәркіледі

«Қару» ЖАІШ: Шығыс Қазақстан облысының полицейлері тіркелмеген 93 бірлік қаруды тәркіледі

                                                       «Қару» ЖАІШ: Шығыс Қазақстан облысының полицейлері тіркелмеген 93 бірлік қаруды тәркіледі.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында ағымдағы жылдың 3 ақпанынан бастап «Қару» ЖАІШ өткізілуде. Шара атыс қаруын қолданумен байланысты қылмыстардың алдын алу, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан шығару және иелерінің қару-жарақ қауіпсіздігін сақтауын тексеру мақсатында өткізілуде.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері заңсыз айналымнан тіркелмеген 93 бірлік қару және мыңға жуық оқ-дәрілер тәркіленді. Осыдан басқа, шара аясында тәртіп сақшыларымен 12 000 артық қару иелері тұрғылықты жері бойынша тексерілді және 304 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, олардың ішінде:

- қаруды заңсыз сақтағаны үшін – 84;

- сақтау ережелерін бұзғаны үшін -149;

- тіркеу ережелерін бұзғаны үшін - 71.

23 наурыз күні полицейлермен үйінде үлкен көлемде оқ-дәрілерді сақтаған 34 жастағы қала тұрғыны анықталды. Бұдан басқа, қала тұрғындарынан түскен ақпараттарды тексеру барысында  заңсыз оқ-дәрілерді сақтағаны үшін тәртіп сақшылары 53 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады, тексеру кезінде  16 калибрлі 20 оқ-дәрі, 20 калибрлі 1 оқ-дәрі және қолдан жасалған қорғасын оқтары, ұнтақ табылып, тәркіленді. Барлық тәркіленген заттарға тиісті сараптамалар тағайындалды.

ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Е.Д. Закимов атап өткендей, «Аталған тұлғалар ҚР ӘҚБтК 482 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды - ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау, қару тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады».

                                                                                      ШҚО ПД баспасөз қызметі