Ерте ма, кеш пе, әр қылмыскер жазаға тап болады

Ерте ма, кеш пе, әр қылмыскер жазаға тап болады

                                                Ерте ма, кеш пе, әр қылмыскер жазаға тап болады

 

Ағымдағы жылдың 9-18 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында "Іздестіру" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның аясында көрші мемлекеттің аумағында ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті екі ер адам ұсталды.

ТМД елдерімен бірлескен іс-шара нәтижесінде 2022 жылдың наурыз айынын ортасында ШҚО ПД КПБ іздестіру тапсырмасы бойынша Ресей Федерациясында осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын Өскемен қаласында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздестіріліп жатқан РФ азаматы анықталды.

2009 жылдың қыркүйек айының соңында 34 жастағы қаскүнем өзінің танысымен бірге ШҚО облыс орталығының кафелерінің бірінің жанында зорлық-зомбылық қолданып, жергілікті тұрғынның ұялы телефонын заңсыз иемденгені анықталды.

Тәртіп сақшылары бұл қылмысты көп ұзамай ашты. Бірақ, сыбайласы ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жазаға тартылған кезде, күдіктілердің бірі Ресейге қашып, заңнан жасырынды.

Араға 23 жыл салып әділеттіктен қашқан ер адам тәртіп сақшыларымен құрықталды.

Мәселен, Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің Барнаул қаласында іздестіріліп жатқан қылмыскер анықталды, оған қатысты 1999 жылы Семей қаласында дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.

Сонымен қатар, операция кезінде криминалдық полиция қызметкерлері іздестіріліп жатқан 24 адамды анықтап, ұстады. ТМД елдері үшін – 7, ТМД елдерінде біз үшін – 5 қылмыскер табылды, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 6 адамның орналасқан жерін анықтады.

 

                                                                                     ШҚО ПД баспасөз-қызметі