Ұлан ауданында мас жүргізуші ұсталды

Ұлан ауданында мас жүргізуші ұсталды

                 Ұлан ауданында мас жүргізуші ұсталды

 

Ағымдағы жылдың ақпан айының соңында Өскемен-Самар тас жолында 31 жастағы ер адамның басқаруындағы «ВАЗ» автокөлігі тоқтатылды. Куәландыруға сәйкес аталған азамат мас күйінде көлік тізгініне отырғаны белгілі болды.

Құжаттарды тексеру барысында, ұсталған азаматтың көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылғаны анықталды.

Қаскөй Ұлан ауданының ПБ-не жеткізілді.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК- нің 346-бабының 1-бөлігі – «Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

                                                                                    ШҚО ПД баспасөз қызметі