
ШҚО полицейлері жоғалған үш баланы 20 минут ішінде тапты
2017, 2018 және 2020 жылдары туған кішкентай балалар 15 наурыз күні түскі уақытта үй маңына ойнауға шыққан, алайда жоғалып кеткен, бұл туралы олардың анасы сол күні сағат 16:28-де Катон-Қарағай АПБ-нің 102 жедел каналына хабарлаған.
Ол балалардың жоғалып кеткенін сағат 14:00-де біліп, екі сағаттан артық уақыт өзі іздеген. Өздегінен іздестіру нәтиже бермегендіктен, шарасыз ана полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.
Осы факті бойынша дереу іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Катон-Қарағай аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дабыл бойынша көтерілді және жоғалған балаларды іздестіруге бағдарланды. Іздестіру жұмыстары балалар ойнап жүрген ауданның тұрғын үйлерін тексеруден басталып, тәртіп сақшылары көшелер мен үйлерді аралады.
Полиция қызметкерлерінің іздестіру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруының нәтижесінде балалар 20 минут ішінде табылды. Балаларды өздерінің үйлерінен 2 шақырым жерден сол кезде аудан орталығының орталық бөлігінде іздестіру жұмыстарын жүргізген учаскелік инспектор полиция подполковнигі Асқар Дюсюпов тауып алған. Балалар ата-анасына тапсырылды, қазіргі уақытта олардың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.
Құрметті ата-аналар, Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларыңызды қараусыз қалдырмауларыңызды сұрайды!
ШҚО ПД баспасөз қызметі