
ШҚО трассаларында ауыр жүк көліктеріне шектеу қойылады
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды ағымдағы жылғы 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында облыстың республикалық маңызы бар жолдарында жеке білікке 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк автокөлігінің қозғалысы үшін уақытша шектеу енгізілетіні туралы хабардар етеді. ШҚО жолдарында «Қазақавтожол» ЖШС филиалы тиісті тыйым салу белгілерін орнатады.
Бұл шектеулер жыл сайын көктемгі су тасқынынан өту кезеңінде болады және трассалардың конструктивтік элементтерінің көтеру қабілетінің төмендеуімен байланысты.
Шектеулер ТЖ алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға қатысатын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, тамақ өнімдерін тасымалдайтын, жолаушылар мен багажды тасымалдайтын, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді тасымалдайтын халықаралық келісімдерге сәйкес жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарына қолданылмайды.
Полиция департаменті ауыр жүк таситын жүргізушілерге енгізілген шектеулерді ескере отырып, маршруттарды құру кезінде мұқият болу керектігін ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі