
ШҚО полицейлері қару-жарақ арсеналын тәркіледі
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері аймақтық қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, Өскемен қаласындағы гараждардың бірінде қоймаға жасырылған қару-жарақ арсеналынт апты.
Тінту кезінде 7,62 мм калибрлі «ТТ» маркілі жауынгерлік тапанша;
Дәл сол тапаншада қосымша 9 мм-ден атуға арналған қолдан жасалған ауыстырылатын ұңғы болды;
- «ИЖ-18» маркілі кесілген шолақ мылтық;
- әртүрлі, оның ішінде тиісінше 5.45, 7.62 және 9 мм калибрлі 450 данадан астам мөлшерде оқ-дәрілер тәркіленді.
Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген барлық қарулардың жағдайы жақсы және атуға толық жарамды.
ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей, осы факті бойынша 47 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК - нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі