ШҚО-да «гашиш» есірткі арнасы жойылды

ШҚО-да «гашиш» есірткі арнасы жойылды

                                                      ШҚО-да «гашиш» есірткі арнасы жойылды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері өңірге есірткі құралдарын жеткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді.

Құқық қорғау органдарының назарына облыстың екі тұрғыны түсті, «гашиш» жеткізумен айналысқан.

Ағымдағы жылдың 9 наурызында 37 жастағы екі ер адам да қылмыс үстінде ұсталды. Тінту барысында олардың автокөлігінен және үйлерінен жалпы салмағы 1,7 кг-нан асатын «гашиш» есірткі заты тәркіленді, бұл шамамен 1 мың бір реттік дозаға тең.

ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей: «Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сараланады, онда 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген».

 

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі