ШҚО-да шетелдіктерді тексеру жалғасуда

ШҚО-да шетелдіктерді тексеру жалғасуда

                                                            ШҚО-да шетелдіктерді тексеру жалғасуда

"Мигрант" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон қызметінің қызметкерлері базарларды, сауда үйлері мен қызмет көрсету салаларын тексеруде. Өскеменде тәртіп сақшылары кезекті тексеру барысында шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактісін анықтады. Мәселен, Өзбекстан Республикасының 6 азаматы әкімшілік ғимаратты жөндеу бойынша рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған екен.

- "Өскемен қаласының сотымен олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша 25 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін ғимарат иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК - нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік материал толтырылды", - деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

ШҚО ПД көші-қон қызметі еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдік азаматтарға тиісті рұқсат ресімделуі қажет екенін еске салады.

"Мигрант" жедел профилактикалық іс- шарасы 17 наурызға дейін жалғасады.

 

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі