Көлік сатып аламын деген семейліктің 4 миллионнан астам қаражатын алаяқ иемденген

Көлік сатып аламын деген семейліктің 4 миллионнан астам қаражатын алаяқ иемденген

                                                       Көлік сатып аламын деген семейліктің 4 миллионнан астам қаражатын алаяқ иемденген

 

Үлбі ПБ кезекші бөліміне Семей қаласының 38 жастағы тұрғыны арызбен жүгінген. Ол бейтаныс әйел аукцион арқылы «Hyundai Tucson» маркалы автокөлікті сатып алуға көмектесемін деген сылтаумен, алдап сенімін теріс пайдалана отырып, оның 4 200 000 теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденгенін айтты.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.

Ол облыс орталығының 35 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Күдіктінің айтуынша, ақша қаражатын алғаннан кейін ол уәде еткен машинаны сатып ала алмаған, қолына түскен ақшасын өз мұқтаждықтарына жұмсап, өз үйін жөндеп, жаңа жиһаз сатып алған.

Ұсталған азамат кінәсін мойындаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабының 3-бөлігі- «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

 

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі