Шығыс Қазақстанда «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ басталды

Шығыс Қазақстанда «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ басталды

                                              Шығыс Қазақстанда «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ басталды

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері елді мекендерді, әкімшілік учаскелер мен саяжай алқаптарын патрульдеуге көп көңіл бөледі.


Наурыз мерекесі қарсаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшеде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында ШҚО Полиция департаменті 14-20 наурыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізеді

Жедел алдын алу іс-шарасы аясында елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтау, есепке алынған адамдарды бақылау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаған немесе тасымалдаған адамдарды тексеру және ұстау және тағы басқа жұмыстар қарастырылған.
Полицейлер әкімшілік құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын негізге алады, - деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Полиция департаменті ШҚО-ның барлық тұрғындарын қырағы болуға және құқық бұзушылық анықталған жағдайда 102 жедел арнасына дереу хабарлауға шақырады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі