
Шығыс Қазақстан облысында «Мигрант» ЖАІШ алғашқы күнінде оннан астам заңсыз иммигрант республика аумағынан шығарылды
10 наурызда Шығыс Қазақстан облысында дәстүрлі «Мигрант» жедел алдын алу шарасы басталды.
ЖАІШ аясында құрамына көші-қон қызметі, жергілікті полиция қызметі, ЭҚІҚБ және КПБ қызметкерлері қосылған мобильды топтардың жұмысы ұйымдастырылды. Олар заңсыз мигранттардың кіруі мүмкін жерлерді патрульдейді, жолаушылар автобустарын, жеңіл және жүк көліктерін, сондай-ақ саяжайларды, шетел азаматтарының күштерін қолданумен салынып жатқан ғимараттарды, қоғамдық тамақтану орындарын және криминогендік элементтер шоғырлануы мүмкін басқа да объектілерді тексереді.
- Жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінің қорытындысы бойынша соттың шешімімен оннан астам шетел азаматы елден шығарылды, 116 азамат әкімшілік жауапкершілікке және 45 үй иесі шетелдіктердің болуы туралы полицияға дер кезінде хабардар етпегені үшін жауапкершілікке тартылды, - деді Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Максим Пупков.
Естеріңізге сала кетейік, аталған шара ағымдағы жылдың 17 наурызына дейін жалғасады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі