
Сенгіш әйелдің есебінен ақша тапқан алаяқ ұсталды
Ағымдағы жылдың ақпан айының ортасында Риддер АПБ кезекші бөліміне 35 жастағы қала тұрғынынан өтініш түскен. Жәбірленушінің сөзінше, ол үй жиһаздарын дайындап беремін деп, оның 810 000 теңгеден артық қаражатын иемденген 30 жастағы жеке кәсіпкер-алаяқтың құрбаны болған.
Осы хабарламаны алған полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдіктіні қолға түсірді.
Бүгінгі күні қаскүнемге ешқайда кетпеуі туралы қолхат берілді.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190 бабы 1 бөлігі –санкциясы 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі