«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ қорытындысы бойынша 13 000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ қорытындысы бойынша 13 000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

                                                           

                                         «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ қорытындысы бойынша 13 000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

 

Жедел профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде барлығы 1106 қылмыс тіркелді, оның 723-і кезекші тәулікте «ізін суытпай» ашылды.

Барлық жедел алдын алу іс-шарасы барысында бұрын жасалған 230 қылмыс ашылды.

Есірткі заттарды заңсыз сақтаудың 42 фактісі құжатталған.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 13 803 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды:

- ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК-нің 434-бабы) -3 469 бұзушылық;

- алкоголь ішкені не қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін (ӘҚБтК-нің 440-бабы) - 4 906 құқық бұзушылық;

- мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін 197 құқық бұзушылық анықталды.

Барлығы 13 207 үй тексерілді, оның ішінде 3 218 қараусыз қалған үй,

1 471 қараусыз қалған ғимарат және 7 154 саяжай үйі, сондай-ақ жалға берілетін 4 096 пәтер тексерілді.

Полиция департаменті ШҚО-ның барлық азаматтарын қырағы болуға және құқық бұзушылыққа тап болған жағдайда «102» жедел арнасына дереу хабарлауға шақырады.

                                                                                     

                                                                                       ШҚО ПД баспасөз қызметі