«Қару» ЖАІШ: 190-нан астам заң бұзушылық анықталды, 50-ден астам қару тәркіленді

«Қару» ЖАІШ: 190-нан астам заң бұзушылық анықталды, 50-ден астам қару тәркіленді

                                                       

                                                     «Қару» ЖАІШ: 190-нан астам заң бұзушылық анықталды, 50-ден астам қару тәркіленді

 

Жағдайды тұрақтандыру және қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 2022 жылдың 3-ақпанынан бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

ЖАІШ атыс қауры мен оның патрондарын заңсыз айналымнан тәркілеуге, ұрланған және жоғалған қаруды іздеуге, азаматтық және қызметтік қару иелерінің олардың қауіпсіздігі туралы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған.

Меншік иелерінің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша қару айналымы саласында 193 заң бұзушылық анықталды. Қаруды сатып алу, сақтау, пайдалану және тасымалдау ережелерін (ҚР ӘҚБтК 484 бабы) бұзғаны үшін 96 меншік иесі, қаруды тіркеу немесе қайта тіркеу ережелерін (ҚР ӘҚБтК 486 бабы) бұзғаны үшін 49 меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК 482 бабы бойынша қаруды заңсыз иеленіп алғаны, бергені, өткізгені, сақтағаны, алып жүргені үшін 48 адам жауапкершілікке тартылып, 21 адамға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 287 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Заңсыз айналымнан 54 бірлік қару, оның ішінде 9 бұрандалы, 25 тегіс саңылаулы, 1 бірліктен травматикалық және газ, сондай-ақ 1 граната және 230 бұрандалы қаруға оқтар тәркіленді.

Полиция департаменті ескертеді, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 287 бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ дәріні немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған тұлғалар әкімшілік жауапкершіліктен де және қылмыстық жауапкершіліктен де босатылады.

 

                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі