Өскеменде бейтаныс жігіт мұз айдынында жасөспірімнің ұялы телефонын алдау жолымен иемденген.

Өскеменде бейтаныс жігіт мұз айдынында жасөспірімнің ұялы телефонын алдау жолымен иемденген.

                                 

                                                    Өскеменде бейтаныс жігіт мұз айдынында жасөспірімнің ұялы телефонын алдау жолымен иемденген.

 

Ертіс ПБ кезекші бөліміне 43 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, бейтаныс жігіттің Өскемен қаласындағы мұз айдындарының бірінде ұялы телефонды айырбастаймын деп алаяқтық жолмен кәмелеттік жасқа толмаған ұлының телефонын тартып алғанын айтқан. Шығын көлемі 150 мың теңгені құрайды.

Жедел іздестіру іс-шараларының барысында құқық қорғау қызметкерлері 18 жастағы қылмыскерді анықтап, ұстады.

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады, телефоны тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190 бабы 1 бөлігі –санкциясы 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі