
Жұмыс кездесуі өтті
Ағымдағы жылдың 25 ақпанында облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мәселесі бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жүйесін жетілдіру мәселесі бойынша жұмыс кездесуін өткізді. Шараға ШҚО Білім басқармасы, ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шығыс Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығы, «Антарес А» және «Қуат» қоғамдық бірлестіктері, «Жігер» Өскемен балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі, ШҚО «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты қатысты.
Жұмыс кездесуінде нашақорлықтың алдын алу бойынша туындайтын бірқатар проблемалық мәселелер және идеологиялық, талдау және алдын алу жұмыстары бөлігінде жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қаралды, оның қорытындысы бойынша бірлескен алдын алу іс-шараларын өткізу, ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау туралы шешім қабылданды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі