
«Автобус» ЖПІШ: Жолаушылардың өмірін қатерге тіккен автобус жүргізушісі жазаланды
Қоғамдық көлік жүргізушілері арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 21 ақпанынан бастап ШҚО аумағында «Автобус» республикалық жедел профилактикалық іс - шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты автобус жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының және жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және ескерту болып табылады.
Жедел профилактикалық іс-шарасының алғашқы күні полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 170-тен астам фактісін анықтады.
Маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 34 жүргізуші, көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін 30-дан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
130 автобус жылыту, электр жабдықтарының жағдайына сәйкестігі тексерілді.
Сонымен қатар, жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу арқылы басып озған Семей қаласының 41 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісі анықталды. Осы бұзушылық үшін ол ҚР ӘҚБтК - нің 596-бабының 3-бөлігі «Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына , оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу» бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды, аталған баптың санкциясымен көлік құралдарын жүргізу құқығынан 6 ай мерзімге айыру түріндегі жаза көзделген.
Жүргізуші өз кінәсін мойындап, оның әрекеттерін оның алдындағы басқа автобусты басып озу ниетімен түсіндірді.
Аталған іс-шара ағымдағы жылдың 2 наурызына дейін жалғасады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі