
ШҚО-да «Автобус» жедел алдын алу шарасы өткізілуде
Автомобиль көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік және еңбек тәртібін арттыру, техникалық ақаулы немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану фактілерін анықтау, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 21 ақпан 2 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Автобус» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Жол қозғалысын қадағалау кезінде полицейлер жылдамдық режимін, басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, мас күйінде автокөлікті басқару, сондай-ақ қоғамдық көлік жүргізушілерінің рейс алдындағы медициналық тексеруден өту ережелерін сақтауға ерекше назар аударады.
ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады, сондай-ақ автожолдардағы өзара сенімділік туралы еске салады. Секундтарды үнемдеуге тырысып, жол қозғалысына қатысушылар өздеріне ғана емес, айналасындағы азаматтарға да қауіп төндіреді.
Есіңізде болсын, жол ережелерін сақтау - жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі!
ШҚО ПД баспасөз қызметі