Өскеменде етті сатып берем деп, алдап соққан кәсіпкер әйел ұсталды

Өскеменде етті сатып берем деп, алдап соққан кәсіпкер әйел ұсталды

Өскеменде етті сатып берем деп, алдап соққан кәсіпкер әйел ұсталды

Ағымдағы жылдың ақпан айының басында Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына Ұлан ауданының 42 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті, ол бейтаныс әйел үйдің сауда үйлерінің бірінде, құны 143 000 теңгеге бағаланған оған тиесілі сиыр етін сатып беремін деп уәде беріп иемденгеніп алғанын айтқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 49 жастағы кәсіпкер әйелді анықтап, ұстады.

Бүгінгі таңда қаскөйге қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 190-бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

                                                                                        ШҚО ПД баспасөз қызметі