«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ: Шығысқазақстандық зейнеткерден револьвер тәркіленді

«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ: Шығысқазақстандық  зейнеткерден револьвер тәркіленді

«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ: Шығысқазақстандық зейнеткерден револьвер тәркіленді

Барлық республиканың бойынша 19 қаңтардан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 807 қылмыс тіркеліп, 537 қылмыс кезекші тәулікте «ізін суытпай», сондай-ақ бұрын жасалған 185 қылмыс ашылды.
Іздеуде жүрген 11 қылмыскер ұсталды.
Заңсыз сақталған атыс қаруының 31 бірлігі тәркіленді.
Жедел алдын алу іс-шарасы барысында облыс орталығының тұрғынынан гаражды кідіріссіз тінту кезінде 2007 жылы шығарылған «Ноган» револьверіне ұқсас зат тәркіленді, ал үйден ұнтақ түріндегі заты бар қаңылтырда, қорғасын оқтар салынған банка, «Жевело» деп аталатын капсуласы бар 2 қорап табылып тәркіленді. Маманның қорытындысына сәйкес револьверге ұқсас зат қысқа ұңғылы жеті рет оқталатын револьвер болып табылады, калибрі 8 мм тегіс оқпаны бар, дыбыстық сигнал беруге арналған, бұл револьвер зауыттық тәсілмен дайындалған, осы қаруды қайта қолдан жасау жолымен жасалған тәсілмен істелген, зерттелетін револьвер ату зарядымен атуға жарамды.
69 жастағы зейнеткерге қатысты ҚР ҚК-нің 287 - бабы 3-бөлігі «атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшылық қарудан басқа), оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сонымен қатар, 11 048 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды:
- ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК-нің 434-бабы) - 2 775 бұзушылық.
– алкоголь ішкені немесе қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін (ӘҚБтК 440-бабы) - 3 873 құқық бұзушылық.
- мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін 153 құқық бұзушылық анықталды.
10 943 үй тексерілді, оның ішінде 2 642 қараусыз қалған үй, 1 120 қараусыз қалған ғимарат және 6 111 саяжай үйі, сондай-ақ жалға берілетін 3 519 пәтер тексерілді.
Полиция департаменті азаматтарға қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады. Құқық тәртібін бұзу фактілері туралы полицияға дереу хабарлауды сұраймыз.

                                                                          ШҚО ПД баспасөз-қызметі