Полиция қызметкері адасқан әженің үйіне қайтуға көмектесті

Полиция қызметкері адасқан әженің үйіне қайтуға көмектесті

Полиция қызметкері адасқан әженің үйіне қайтуға көмектесті

Ағымдағы жылдың 14 ақпанында сағат 15.00-де Алтай ауданының полиция бөлімінің «102» жедел арнасына қаладағы дәріханалардың бірінде адасып кеткен қарт әженің тұрғанын хабарлаған. Әжені әңгімеге тартқан фармацевттің айтуынша, ол өзінің аты мен тегін, мекенжайын есіне түсіре алмаған.

Аталған әкімшілік учаскеге қызмет көрсететін учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Мадияр Өмірзақов көрсетілген мекенжайға дереу келген соң, зейнеткердің жеке басын және тұрғылықты мекенжайын анықтап, жақындарына аман-есен табыстаған.

Үйде ешкім болмаған кезде ол дәріханаға барып, қайтар жолды ұмытып қалған екен. 87 жастағы қарт ана есте сақтау қабілеті нашарлауынан зардап шегетіні анықталды.

Қазіргі уақытта қарт әженің денсаулығына қауіп жоқ.

Әженің туған- туыстары полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, шыдамдылық және амандық тілей отырып, аналарын үйге қайтаруға көмектескен игі істері үшін алғыстарын білдірді.

                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі