Көршісі азық-түлік сатып әкелемін деп, зейнеткердің қаражатын қалтасына басқан

Көршісі азық-түлік сатып әкелемін деп, зейнеткердің қаражатын қалтасына басқан

Көршісі азық-түлік сатып әкелемін деп, зейнеткердің қаражатын қалтасына басқан

Облыс орталығының қарт тұрғыны өзінің көршісі жасаған алаяқтық әрекетінің құрбаны болды.

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 72 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Зейнеткер 2022 жылдың 14 қаңтарында оның пәтеріне келген көршісі, азық-түлік сатып алып келге көмектесемін деп уәде беріп, алайда қарт адамды алдап, арам ойын асырғанына көз жеткізген. Осылайша қарт зейнеткер азық-түліксіз қалған. Келтірілген шығын сомасы 30 000 теңгені құрады.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 35 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Қаскөй өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

                                                                                       ШҚО ПД баспасөз қызметі