
ШҚО полицейлері жарты жыл бұрын мал ұрлаған қаскөйді ұстады
Ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында Күршім аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне 49 жастағы аудан тұрғыны жүгініп, оның малының ұрланғанын хабарлаған. Жәбірленуші 2021 жылдың маусым айында белгісіз адам Алтай учаскесінде жайылымнан жылқысын ұрлап кеткенін жеткізген. Шығын көлемі 500 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Қайыңды ауылының 51 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта қаскөйге келу міндеттемесі шарасы қабылданды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, Осы баптың санкциясымен ҚР ҚК-нің 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
ШҚО ПД баспасөз қызметі