
Зейнеткерге такси шақырып беремін деп, телефонмен қаша жөнелген
Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Өскемен қ. ПБ Үлбі ПБ «102» жедел арнасына 67 жастағы зейнеткер жүгініп, алаяқтың құрбаны болғанын айтқан.
Жәбірленуші сол күні таңғы сағат 5-те Б.Гагарин көшесінде кетіп бара жатып, өтіп бара жатқан бейтаныс әйелге өзінің телефонын беріп такси шақырып беруді өтінген. Зейнеткерге жәрдемдесуге бірден келісе кеткен әйел, қолына «олжа» түскен соң, жүрісін үдете түсіп қаша жөнелген. Келтірілген залал 150 000 теңге сомасына бағаланды.
Тәртіп сақшылары дереу қылмысты ашуға кірісті. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» күдіктіні анықтап, ұстады. Ол облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Жауап алу кезінде кінәсін мойындады.
Бүгінгі таңда қаскөйден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі