
Шығыс Қазақстанда «Тұрмыс» ЖПІШ қорытындыланды
Бір апта бойы жүргізілген рейд барысында тәртіп сақшылары тұрғылықты жері бойынша 6000-нан астам есептегі адамды тексерді.
24-30 қаңтар аралығында облыс аумағында криминогендік жағдайды сауықтыру, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында «Тұрмыс» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Тұрғылықты жері бойынша жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 6000-нан астам есепке алынғандар тексерілді, оның ішінде 97 адамға қатысты сот тәртібімен құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді, оның ішінде 78 адамға қатысты алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынды.
- Мәселен, Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған соты ҚР ӘҚБтК-нің 440–бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған 41 жастағы ер адамға қатысты қаулы шығарды (алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға 3 ай мерзімге тыйым салумен).) Тәртіп бұзушы жыл бойы қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін әкімшілік жазаға тартылды. 25 қаңтарда оны тәртіп сақшылары қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде болғаны үшін ұстады, - деді КҚПБ бастығы Талғат Нуриев.
7 күн ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы), құқық қорғау органдары 190-нан астам құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. 285 адамға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды, оның ішінде 80-нен астам азамат оны бұзғаны үшін тартылды.
Осындай жағдайлардың бірі Өскеменде болды. 23 қаңтарда кешке 62 жастағы қала тұрғыны Үлбі ПБ-ға жүгініп, күйеуінің үйде жанжал шығарғанын хабарлады. 62 жастағы ер адамға қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды. Алайда, бұл оны тоқтатпады және 25 қаңтарда Үлбі полиция бөлімінің 102 жедел арнасына сол әйелден қайта қоңырау келіп түсті, ол күйеуі үйде тағы үш рет жанжал шығарғанын айтты. Одан кейін зейнеткерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Жедел-профилактикалық іс-шара кезеңінде кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және (немесе) білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы) облыстың 50 тұрғыны тартылды.
55 қолайсыз отбасы есепке қойылды, 49 ата-анаға қатысты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға ата-ана құқықтарынан айыруға, 8 адамға қатысты ата-ана құқықтарын шектеуге материалдар жолданды.
Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жедел алдын алу іс-шарасы кезінде қылмыстарға жол берілген жоқ.
Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, ескерту және жолын кесу мәселелері ШҚО ПД басшылығының тұрақты бақылауында.
ШҚО ПД баспасөз қызметі