
Әкімшілік айыппұлдарды төлеу туралы
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ҚР ӘҚБтК-нің 893-бабының 1-бөлігіне сәйкес (айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ерікті түрде орындау) айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның айыппұл төлейтінін еске салады.
Айыппұлды өз еркімен төлеу үшін қолданыстағы заңнамада 40 күндік мерзім көзделген. Айыппұл төленбеген жағдайда жоғарыда көрсетілген мерзімде әкімшілік материал мәжбүрлеп өндіріп алу үшін 896-баптың 1-бөлігіне (айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұлды мәжбүрлеп орындатуға төлеу қажеттігі туралы Нұсқаманы жіберу тәртібі) сәйкес жіберіледі, айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сот орындаушыларына, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына жіберіледі.", айыппұл салу туралы қаулыны немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін он күн ішінде жібереді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі