Көші-қон саласында мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баж мөлшері туралы

Көші-қон саласында мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баж мөлшері туралы

                                                   

                                                          Көші-қон саласында мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баж мөлшері туралы

2022 жылы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 мың 063 теңге көлемін құрайды («2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң).
Осыған байланысты, көші-қон саласындағы келесі мемлекеттік қызметтер беру үшін мемлекеттік баж:
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі,
- жол жүру құжаты – 24 мың 504 теңге (8 АЕК);
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты – 612 теңге 60 тиын (0,2 АЕК);
- «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу» -3 мың 063 теңге (1 АЕК);
- «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» – 12 мың 252 теңге (4 АЕК);
- «Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу» - 1 мың 531 теңге 50 тиын (0,5АЕК);
-«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту» - 3 мың 063 теңге (1 МРП);
-«Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» - 6 мың 126 теңге (2 АЕК әрайға) құрайды.

                                                                                               ШҚО ПД Баспасөз қызметі