ШҚО-да «Тұрмыс» ЖААШ басталды

ШҚО-да «Тұрмыс» ЖААШ басталды

                                                                     ШҚО-да «Тұрмыс» ЖААШ басталды

 

Ағымдағы жылдың 24-30 қаңтар аралығында отбасында алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ криминогендік жағдайды сауықтыру мақсатында «Тұрмыс» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.

Полиция отбасы- отбасында орын алатын құқық бұзушылықтар, рецидивтік қылмыстар жасауға бейім адамдарды анықтау бойынша профилактикалық жұмыс жүргізеді.

Қорғау нұсқамалары шығарылған не мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамдардың белгіленген шектеулерді сақтауына ерекше назар аударылады.

Осыған байланысты азаматтардан отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді заңсыз сату туралы қандай да бір ақпарат алған жағдайда «102» арнасына хабарлауды сұраймыз.

                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі