Шығысқазақстандық әйел көршісінің мүлкін сатып жіберген

Шығысқазақстандық әйел көршісінің мүлкін сатып жіберген

                                                   

                                                 Шығысқазақстандық әйел көршісінің мүлкін сатып жіберген 

 

2021 жылдың желтоқсан айының соңында Өскемен қаласы Полиция басқармасы Үлбі ПБ кезекші бөліміне желтоқсан айының басында, оның 27 жастағы танысы алдау жолымен оның жатақханадағы бөлмесін иемденіп алғанын айтып қаланың 19 жастағы тұрғыны жүгінді. Келтірілген залал 3 500 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 27 жастағы күдікті әйелді анықтап ұстады.

Тергеу амалдары барысында, 19 жастағы көршілісінің психоневрологиялық есепте тұратынын білетін 27 жастағы әйел, жәбірленушінің денсаулық жағдайын пайдалана отырып, мүлікті сатуға сенімхат жаздырып алып, кейін қолындағы құжат арқылы көршісінің жылжымайтын мүлкін сатып жіберген.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабының 3-бөлігі-алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

                                                                                                ШҚО ПД баспасөз қызметі