Жеке куәліктің жарамдылық мерзімін тексеріңіз

Жеке куәліктің жарамдылық мерзімін тексеріңіз

                                               

                                                                Жеке куәліктің жарамдылық мерзімін тексеріңіз

 

Жарамдылық мерзімінің өтуіне байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алу үшін cізге тұрғылықты жеріңіз не уақытша болатын (тұратын) жеріңіз бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (Халыққа қызмет көрсету орталығы) жүгіну қажет.

Рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:

- жеке куәлік;

-0.2 АЕК (612.60 теңге) мөлшерінде мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат (мемлекеттік баж төлеуден босатылған тұлғалар растайтын құжатты ұсынады);

- Қазақстан Республикасының паспорты (болған жағдайда).

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспортын ресімдеу жөніндегі мемлекеттік қызмет жеделдетіп көрсетілуі мүмкін.

Жеделдетілген ресімдеу құны:

Облыс орталықтары үшін

3 жұмыс күні-4983 теңге;

5 жұмыс күні-2752 теңге;

облыстар аудандары мен қалалары үшін

7 жұмыс күні – 1116 теңге.

Шығыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталықтары штаттық режимде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбіден жұмаға дейін) жұмыс істейді.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі