
Өскемен тұрғыны зейнеткерлерді алдап, несие рәсімдеген
2021 жылдың желтоқсан айының соңында Өскемен қаласы Полиция басқармасы Үлбі ПБ кезекші бөліміне алаяқтықтың құрбаны болған 2 зейнеткер әйел арызбен жүгінген.
Жәбірленушілердің айтуынша, жаз кезінде қаскөй көмектесемін деп, алдап қос зейнеткердің атына шағын несие ұйымдарынан ақшалай қарыз ресімдеген. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 240 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 70 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабының 1-бөлігі-алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі