ШҚО-да сібір елігін атқан адам ұсталды

ШҚО-да сібір елігін атқан адам ұсталды

                                             

                                                        ШҚО-да сібір елігін атқан адам ұсталды

 

2021 жылдың желтоқсан айының соңында Жарма АПБ кешкі уақытта полиция қызметкерлері «Семей Орманы» РММ-мен Қалбатау ауылының маңындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақта бірлесіп патрульдеу барысында сібір елігін заңсыз атқан 53 жастағы Шемонаиха ауданының тұрғынын ұстаған.

Оқиға орнынан шыққан жедел-тергеу тобы «Ranger» қарда жүру көлігін, 20 калибрлі «Сайга» мылтығы, 7, 62 мм калибрлі «BROWNING» мылтығы, сондай-ақ бір елік ұшасы тәркіледі.

Келтірілген залал 2 000 000 теңгеден астам сомаға бағаланды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337 – бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды-заңсыз аң аулау, оның санкциясы 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

 

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі