ШҚО-да жедел шаралар барысында пышақ, граната және атыс қаруы тәркіленді

ШҚО-да жедел шаралар барысында пышақ, граната және атыс қаруы тәркіленді

ШҚО-да жедел шаралар барысында пышақ, граната және атыс қаруы тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері тәртіпсіздік жасаған немесе оған қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 8 қаңтарында ШҚО ПД КПБ қызметкерлері ШҚО бойынша ҚР ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп Өскемен қаласында Чехов-Победа көшелерінің қиылысында "Лада Приора" маркалы автокөлігін тоқтатты. Көлік салонында отырған 34 жасар қала тұрғынын кідіріссіз тінту барысында оның күртешесінің қалтасынан тапанша, гранатқа ұқсас зат (РГД-5) және жиналмалы пышақ тәркіленді. Маманның қорытындысына сәйкес, тәркіленген тапанша 18х45 мм калибрлі "ОСА" (Стражник) үлгісіндегі ұңғысыз атыс қаруы болып табылды. Тәркіленген тағы да екі заттар бойынша қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (атыс қаруын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.

Қаскүнем ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібінде Өскемен қ.ПБ УҰИ-ға қамалды.

Бұл қылмысты жасағаны үшін күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

                                                                                       ШҚО ПД баспасөз қызметі