
Алтайда мас күйінде көлік басқарған жүргізуші ұсталды
2021 жылдың желтоқсан айының соңында Алтай қаласы көшелерінің бірін патрульдеу барысында, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 37 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен «Nissan» автокөлігін тоқтатқан.
Жүргізушінің құжаттарын тексеру нәтижесінде, оның 2019 жылдың қазан айынан бастап 6 жыл мерзімге сотпен көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Сонымен қатар, куәландыруға жеткізілген жүргізуші орташа мас күйінде болғанын көрсетті.
Автокөлік арнайы тұраққа, ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 346-бабының 1-бөлігі – «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ШҚО ПД баспасөз қызметі