
Үйінде көкнәрді сақтаған әйел ұсталды
2021 жылдың желтоқсан айының соңында Серебрянск қ. ПБ криминалдық полиция қызметкерлеріне 55 жастағы қала тұрғыны өз үйінде көп мөлшерде азық-түлік көкнәрін, психотроптық анальгетиктерді, дәрілік заттарды сақтайтыны туралы жедел ақпарат түсті.
Тексеру кезінде ақпарат расталды. Күдікті әйел ұсталды. Оның үйін тінту кезінде тәртіп сақшылары ірі мөлшерде көкнәр, 9 пластинка психотроптық анальгетик, 73 шөлмек аммиак, сыйымдылығы 0,5 л болатын шыны шөлмек еріткіш табылды және тәркіленді. Сондай-ақ, қоймада көз тамшыларынан 24 бос құтысы, психотропты анальгетиктен 45 бос қорап, аспирин мен дифенгидраминнің кесілген пластинкалары табылды.
Сондай-ақ, 6 құты көз тамшылары, психотроптық анальгетиктің 65 таблеткасы, 10 шприц, сыйымдылығы 10 мл 3 құтыдағы көз тамшылары, 22 «аммиак» құтысы, 9 көз тамшылары, 167 «Димедрол» таблеткасы алынды.
Әйелдің айтуынша, ол бұл заттарды базардан жеке пайдалану үшін сатып алған.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296 - бабы 2 - бөлігі бойынша «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, Осы баптың санкциясы 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
ШҚО ПД баспасөз қызметі