«Пиротехника» ЖПІШ: 459 дана пиротехникалық бұйымдар тәркіленді

«Пиротехника» ЖПІШ: 459 дана пиротехникалық бұйымдар тәркіленді

«Пиротехника» ЖПІШ: 459 дана пиротехникалық бұйымдар тәркіленді

Жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар айналымының және оларды қолданудың белгіленген қағидаларын сақтауын бақылау мақсатында ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан бастап ШҚО аумағында «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.

ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен бірлесіп азаматтық пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелудің, сатудың және пайдаланудың жолын кесу, сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді көтерме жолымен жеткізумен айналысатын адамдарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Жаңа жылға арналған «жарылғыш» атрибуттар сатылатын базарлар, дүкендер, көтерме қоймалар тексерілуде.

«Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасының 14 күнінде полиция қызметкерлері 780-нен астам рейд өткізді.

Іс – шара барысында ҚР ӘҚБтК–нің 196-бабы 1-бөлігіне сәйкес (тауарлармен немесе басқа заттармен заңсыз сауда жасағаны үшін) 17 әкімшілік хаттама толтырылды. 459 дана пиротехникалық бұйымдар тәркіленіп, 495 000 теңгеден астам айыппұл өндірілді", - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Пиротехникалық бұйымдардың заңсыз сатылғанына куә болған азаматтарға тәртіп сақшылары 102 арнасына хабарласуды ұсынады.

Айта кетсек, "Пиротехника" ЖПІШ 2022 жылдың 12 қаңтарына дейін жалғасады.

                                                                                      ШҚО ПД баспасөз қызметі