ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесі жылды қорытындылады

ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесі жылды қорытындылады

ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесі жылды қорытындылады

27 желтоқсанда ШҚО Полиция департаментінің акт залында ІІО және ҰҰ ардагерлерінің 7-ші кезекті есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Кездесуге ардагерлер кеңесінің 11 мүшесі, 7 шақырылған ардагерлер сондай - ақ онлайн режимінде - бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары және облыстың аудандық бөлімшелерінің кадрлар бойынша ІІО бастықтарының орынбасарлары қатысты.

Облыстық ІІО және ҰҰ кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Ғалиұлы Үдербаев баяндама жасап, 2016-2021 жылдар аралығында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Кездесу барысында кеңеске қатысушылар төрағаны, Төралқа мүшелерін және жауапты хатшыны таңдауға, сондай-ақ қоғамдық комиссияларды құруға қатысты мәселелерді талқылады.

Іс-шара соңында Нұрлыбек Ғалиұлы ардагерлерге жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс айтып, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, барлығына денсаулық, сәттілік және барлық тілектерінің орындалуын тіледі.

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі