ШҚО полицейлері нашақор-ұрыны ұстады

ШҚО полицейлері нашақор-ұрыны ұстады

ШҚО полицейлері нашақор-ұрыны ұстады

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Глубокое АПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 49 жастағы тұрғыны жүгінді, ол 2021 жылдың 4 желтоқсанында белгісіз тұлғалар дүкеннің сөресінде тұрған, оның қымбат смартфонын ұрлағанын хабарлаған. Осылайша жәбірленушіге 145 000 теңге көлемінде шығын келтірілді.

Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде учаскелік полиция инспекторлары осы ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен Опытное поле ауылының 37 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

7 желтоқсанда дәл осы азамат есірткіні заңсыз сақтағаны үшін ұсталды.

Ер адамның пәтерін кідіріссіз тінту кезінде ас үй бөлмесінде құрамында қоңыр-жасыл түсті, ерекше иісі бар полиэтилен пакет табылғаны анықталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 3,48 гр «кептірілген марихуана» екенін көрсетті.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» және 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі