
ШҚО-дағы көлік құралдарының саны туралы ақпарат
(01.12.2021 жылға арналған)
Шығыс Қазақстан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы өңірде тіркелген көлік құралдарының санына, сондай-ақ берілген жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері мен берілген жүргізуші куәліктеріне тұрақты негізде талдау жүргізеді.
Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша статистикалық деректерге сәйкес 371 436 көлік құралы (2021 жылға +1,4%) есепте тұр, оның ішінде жеке тұлғаларға – 335 936 көлік құралы, ал заңды тұлғаларға – 35 500 көлік құралдары тіркелген.
Ағымдағы жылдың 11 айында облыс бойынша 85 941 көлік құралы тіркелді (2021 жылға +14%), оның ішінде жеке тұлғаларға – 81 888 көлік құралы, ал заңды тұлғаларға – 4 053 көлік құралдары тіркелді.
Бірінші рет 7 088 көлік құралы тіркелді (2021 жылға қарай -2,4%). Жалпы соммасы 242 755 657 теңгеге жоғары сұранысқа ие 923 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері берілді.
6248 көлік құралы есептен шығарылды (2021 жылға қарай +14,6%).
46703 жүргізуші куәлігі берілді (2021 жылға қарай +4,4%), оның ішінде бірінші рет 12890 жүргізуші куәлігін алды (2021 жылға қарай +54,6%).
ШҚО ПД баспасөз қызметі