Семей полицейлері есірткі сатушыны ұстады

Семей полицейлері есірткі сатушыны ұстады

Семей полицейлері есірткі сатушыны ұстады

ШҚО ПД Семей қ.Полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында, ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Семей қаласының аумағында "кептірілген марихуана" есірткі құралдарын өткізумен айналысқан 41 жастағы қала тұрғынын анықтады. "Аталған азаматқа тиесілі автокөлік құралын кідіріссіз тінту барысында жалпы салмағы 516 грамм "кептірілген марихуана" заты табылып, тәркіленді. Аталған азамат қамауға алынып, ҚР ҚК - нің 297-бабы 2-бөлігі "ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ол бойынша 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - деді Семей қ.ПБ бастығы Шалқар Құнанбаев.

                                                                           Семей қ.ПБ баспасөз қызметі