Қалтасына бір қорап оқ-дәрі жасырған семейлік ұсталды

Қалтасына бір қорап оқ-дәрі жасырған семейлік ұсталды

Қалтасына бір қорап оқ-дәрі жасырған семейлік ұсталды

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Семей қаласының Уранхаев көшесінде оқ-дәрілерді заңсыз сақтады деген күдікпен 42 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, жедел тінту барысында оның күртешесінің ішкі қалтасынан 25 патрон салынған пластик қорап табылып, тәркіленді.

- Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген 23 патрон ойық атыс қаруына арналған 5,6 мм калибрлі оқ-дәрілер, Макаров тапаншасына арналған 9х18 мм калибрлі бір патрон және СӨО және АК-47 автоматынан атуға арналған 7,62 х 54 мм калибрлі патрон екені анықталды. Сараптама қортындысы тәркіленген патрондар оқ атуға жарамды екенін көрсетті.

Бүгінгі күні қаскөйге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 287-бабы 3-бөлігі – «Оқ-дәрілерді заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, осы баптың санкциясымен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі