
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ішкі істер органдары және облыстық Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Ғалиұлы Үдербаев ШҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Рифхат Тауфиковпен бірге ІІО ардагері-милиция майоры Роза Ғалиқызы Манасоваға қонаққа барды.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Роза Ғалиқызын келе жатқан мерекемен құттықтап, жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс айтып, мықты денсаулық, ұзақ өмір тілеп, сыйлықтар табыс етті.