
ШҚО ПД-да ардагерлер марапатталды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев басқарма басшыларының қатысуымен салтанатты түрде Ішкі істер органдарының ардагерлері – Лұқпанов Таумұрат Майкенұлы мен Құдажанов Нұрмұхамбет Айкенұлын грамоталармен марапаттады.
Таумұрат Майкенұлы-отставкадағы милиция полковнигі, 30 жылдан астам Ішкі істер органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған, соның ішінде облыстың ішкі істер басқармасының бастығы болған.
Сағат Мадиев ардагерлерді келе жатқан мерекемен құттықтай отырып, үздік жұмысы және жас ұрпақты тәрбиелеудегі ортақ іске қосқан үлесі үшін алғыс айтып, оларға мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.