ШҚО-да заңсыз иммигранттардың кезекті тобы анықталды

ШҚО-да заңсыз иммигранттардың кезекті тобы  анықталды

ШҚО-да заңсыз иммигранттардың кезекті тобы анықталды

"Мигрант" жедел профилактикалық іс - шарасы аясында Көші-қон қызметінің қызметкерлері Алтай ауданы Зубовск ауылындағы ЖШС бірінде құрылыс материалдарын дайындау бойынша еңбек қызметімен заңсыз айналысқан Тәжікстан Республикасының 15 азаматын анықтады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған бұзушылық үшін ЖШС - мен мердігерлік шарт жасасқан жеке кәсіпкер мемлекет кірісіне 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, шетелдіктер сот шешімімен әрқайсысы 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, - деп жалғастырды өз сөзін ШҚО ПД басшысы.

Шетелдік қызметкерлердің заңды тұлғаға қатысты болғаны туралы полиция органдарын уақтылы хабардар етпегені үшін заңды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Көші-қон қызметі қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар өздерінде шетелдіктердің болуы туралы 3 күн ішінде көші-қон қызметіне хабарлауға міндетті екенін еске салады.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі