
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш мөлшері (АЕК) – 3 мың 063 теңге ("2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңы)
Осыған байланысты, көші-қон саласындағы келесі қызмет түрлеріне мемлекеттік баж:
- жеке басты куәландыратын құжаттарды беру үшін: Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, жол жүру құжаты – 24 мың 504 теңге (8 АЕК); Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты – 612 теңге 60 тиын (0,2 АЕК) құрайды.
- "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" - 3 мың 063 теңге (1 АЕК);
- "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" (01.01.2022 ж. бастап енгізіледі) - 12 мың 252 теңге (4 АЕК);
- "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" - 1 мың 531 теңге 50 тиын (0,5 АЕК);
- "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына виза беру, қалпына келтіру немесе Қазақстан Республикасының аумағында ұзарту" - 3 мың 063 теңге (1 АЕК);
-«Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» - 6 мың 126 теңге (2 АЕК әрайға) құрайды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі