
1 500 000 теңгеге жуық қарызы бар борышкер анықталды
«Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің қызметкерлері жеке кәсіпкерге 1 5000 000 теңге қарыз болған 28 жастағы борышкерді анықтады.
Іздестіру шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері борышкердің Нұрсұлтан қаласынан Шымкент қаласына дейін билет сатып алғаны анықтады. 09 желтоқсанда Нұрсұлтан теміржол вокзалында ер адам пойыздан шығарылды. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады.
Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБК-нің 669-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК-нің 139-бабы) көзделгенін ЕСКЕРТЕДІ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі