Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде

Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде

Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері ақпараттандыру және байланыс саласында жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомстволық бағдарламаны іске асыру мақсатында Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің 1-курс студенттерімен ақпараттық-профилактикалық әңгіме өткізді.

Әңгіме барысында студенттер ақпараттандыру және байланыс саласында, сондай-ақ интернет желісі арқылы жасалатын қылмыстардың кең таралған түрлерімен танысты.

Өз кезегінде студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Қосымша профилактика ретінде университеттің қоғамдық орындарында көрсету үшін полиция қызметкерлері әзірлеген буклеттер мен бейнероликтер ұсынылды.

Кездесу соңында тәртіп сақшылары оларға қатысты заңға қайшы әрекеттер жасалған кездегі іс-әрекет алгоритмін, сондай-ақ алаяқтардың құрбаны болмаудың бірқатар қарапайым амал-тәсілдерін түсіндірді.

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі